"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте КББП Ж.Бақыт 8 сынып оқушыларымен 02.05.2025 күні «Не? Қайда? Қашан?» – Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы тереңірек түсінік беру, кәсіби бағдар беру арқылы болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау, логикалық ойлау, шешім қабылдау және топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қатысушылар:
1-2 команда, әрқайсысында 5-6 оқушыдан.
Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Топтарға бөліну, топ аттарын анықтау, сәлемдесу.
2. Ойын ережесін түсіндіру .
Ойын 3 бөлімнен тұрады:
«Не?» – мамандықтар туралы логикалық сұрақтар
«Қайда?» – мамандықтың жұмыс орны мен кәсіби ортасы
«Қашан?» – мамандықтың тарихы мен даму кезеңдері
3. Негізгі ойын.
Әр бөлімде 14 сұрақтан қойылып, топтар жауап береді.
4. Қорытынды бөлім
Жинаған ұпайлар есептеліп, жеңімпаз команда анықталып. Қатысушылар марапатталып, пікірлері тыңдалды.
«Дұрыс таңдалған мамандық – табысты болашақтың кепілі!»
Жаңалықтар
