Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Оқу-жаттығу жұмысы ұйымдастырылды

Оқу-жаттығу жұмысы ұйымдастырылды

    Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де террористік тұрғыдан осал объект басшыларының және мектеп қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу жұмысы ұйымдастырылып өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында шартты түрде «қауіпті азамат» мектеп ауласына күдікті зат қалдырып кеткені туралы жағдай модельденді. Мектеп қарауылы бұл туралы дереу мектеп әкімшілігіне хабар берді.
Мектеп басшылық құрамы жедел әрекет етіп, ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне ақпарат жолдады. Қауіпсіздік мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына ғимараттан шықпау туралы хабарлама берілді.
Ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен мектеп басшылығы күдікті затты мектеп ғимаратынан ұзақ жерге оқшаулап, оның адам өміріне қауіп төндірмейтінін анықтады. Оқу-жаттығу жұмысы мектеп ұжымының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіруді мақсат етті.

WhatsApp Image 2025 12 12 at 10.36.55