Түркістан облысы, Отырар ауданы, “Шеңгелді” шағын жинақты жалпы орта мектептің “Тәуелсіздік: жаңа буынның жаңа танысы” тақырыбындағы іс - шара жоспарына сай бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздік тартуы; Оқушылардың шығармашылық концерті өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға Тәуелсіздіктің мәнін ұғындыру, отансүйгіштікке баулу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз елінің тарихын мақтанышпен айтып, өнер арқылы Тәуелсіздікке деген құрметін білдіреді. Шығармашылық қабілеттері ашылып, патриоттық сезімі оянды.
Концерт соңында мектептің оқу ісі - жөніндегі орынбасары Гүлмира Өкшебай патриоттық ән орындап, өз өнерлерін ортаға салған оқушыларға ерекше ризашылығын білдіріп, ұйымдастыра білген ұстаздарға алғыс айтты.






