Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде КББП Бақыт Жәудір 23-ақпан күні «Отбасылық цифрлық келісім – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – отбасында цифрлық мәдениетті қалыптастыру, балалардың интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Қатысушылар өз отбасыларына арналған цифрлық ережелер жобасын құрастырып, гаджет қолдану уақыты, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, онлайн ойындар мен жеке мәліметтерді қорғау мәселелерін қарастырды.
Жиналыс соңында әр отбасы «Отбасылық цифрлық келісім» үлгісін толтырып, өзара келісімге келді. Қатысушылар тарапынан белсенділік байқалып, тақырып бойынша өзекті сұрақтар қойылды.
Кері байланыс барысында ата-аналар мен оқушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, мұндай тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде өткізу қажеттігін білдірді.






