Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

«Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

 

   "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі» тақырыбында ата-аналар
жиналысы өтті.
   Жиналыстың мақсаты - бала тәрбиесіндегі ата - ананың жауапкершілігін арттыру, ата - ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Жиналысты бастауыш сынып жетекшілері Аширбекова А., Әлжан А., Қаймахова Г., Қалдыкөзова А. ұйымдастырып, мектеп психологі Абсатова А., сондай-ақ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Өкшебай қатысты.
Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынды.
Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіптің алдын алу және жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Көктем және жаз мезгілдерінің жақындауына байланысты келесі мәселелерге назар аудару маңызды:
Судағы қауіпсіздік:
* Су айдындарына үлкендердің қарауынсыз баруға қатаң тыйым салу.
* Тереңдігі белгісіз жерлерге шомылмау.
* Су жиегінде ойнағанда абай болу.
Жол қауіпсіздігі:
* Жолдан өткенде тек жаяу жүргіншілер жолағын («зебра») пайдалану.
* Жол бойында құлаққап кию мен телефонға қараудың қауіптілігін түсіндіру.
* Велосипед, самокат тебу кезіндегі сақтық шаралары.
Ағымдағы мәселелер
Мектеп формасы: Эстетикалық және санитарлық талаптардың сақталуы.
Мектеп мүлкі: Оқулықтар мен жиһаздарды ұқыпты ұстау.
Жазғы демалыс: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру (лагерьлер, үйірмелер). Бүгінгі берілген тәрбие — ертеңгі қоғамның келбеті.

WhatsApp Image 2026 04 03 at 09.22.13 1