Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ-де 2026 жылғы 22 қаңтар күні Отырар АПБ-нің ҚҚБ УПИ-нің полиция капитаны Н. Қасымов және Отырар АПБ-і ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Б.Қапалбайұлының қатысуымен 5–11 сынып оқушылары арасында профилактикалық жиын өткізілді.
Жиын барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік, түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, суицидтің, нашақорлықтың, лудомания мен құмар ойындардың алдын алу туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – оқушылар арасында өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, әлімжеттілік пен құмар ойындардың алдын алу, төтенше жағдайлардың болдырмау жолдарын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Сонымен қатар мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланып, жұқа мұзға шығудың қауіптілігі, балаларды қараусыз қалдырмау, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі жөнінде маңызды кеңестер берілді.
Жиын барысында мектеп директоры Л. Раманкүл оқушыларды әлімжеттілікке жол бермеуге, сақтық шараларын қатаң сақтауға, қауіпті жағдай туындаған кезде 102, 111 нөмірлеріне хабарласуға, жаяу жүргіншілердің міндеттерін орындауға, жол жүру ережелерін сақтауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға шақырды.
#адал_азамат #біртұтас_тәрбие






