Түркістан облысы, Отырар ауданы,
“Шеңгелді” шағын жинақты жалпы орта мектептің “Өркен” бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің “ Білім шыңының баспалдағы - бастауыш” атты айлық іс-шарасының жабылу кешін өткізді.
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұстаз бен оқушының жетістіктерін көрсету.
Өтілу барысы:
2025 жылдың қараша айы бастауыш сыныптарға арналған пән айлығы болып жарияланып, сол кезеңде түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Пәндік олимпиадалар
- “Ертегілер елінде”, “Күзгі бал”, “Білгірлер сайысы» сияқты танымдық ойындар мен сайыстар
- Шығармашылық көрмелер мен сурет байқаулары
- Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті.
Жабылу кеші:
Айлық қорытындысы ретінде ұйымдастырылған жабылу салтанатында оқушылар марапатталып, үздік ұстаздар мен белсенді сыныптар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Қорытынды:
Бұл айлық бастауыш буындағы әр оқушы үшін өзін көрсетуге, жаңа нәрсе үйренуге, білім биігіне қарай қадам жасауға үлкен мүмкіндік берді.
“Білім шыңының баспалдағы – бастауыш”екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Мектеп директоры Л.Тұрашқызы іс - шараны жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен ұйымдастырушы бірлестік мүшелеріне алғысын білдірді.






