14.10.2025 ж. күні оқу ісі жөніндегі орынбасар Г. Өкшебай мұғалімдер арасында «Сабақ мақсатын жоспарлау – сапалы білім негізі» тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы сәуірдегі №130 бұйрығы және 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы негізінде келесі мәселелер қарастырылды:
1️⃣ №472 бұйрыққа сәйкес қысқа мерзімді жоспар жасау жолдары;
2️⃣ Оқу мақсаттарын дұрыс анықтау ерекшеліктері;
3️⃣ Сабақ мақсатын қоюда «Блум таксономиясының» рөлі;
4️⃣ Бағалау критерийлері мен дескрипторлардың тапсырмалармен өзара байланысы;
5️⃣ Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тапсырмаларды жоспарлау жолдары;
6️⃣ «Адал азамат» бағдарламасы аясында құндылыққа баулу тапсырмаларын ҚМЖ-ға енгізу тәсілдері.
Семинар соңында қатысқан мұғалімдер №472 бұйрық талаптарына сәйкес қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімді жолдарын меңгерді.
#Шеңгелдімектебі #Зердеайлығы #ЖасандыИнтеллект #СапалыБілім #472бұйрық #ҚМЖ