Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11-сыныптар бойынша 137 оқушының қатысуымен «Сақшы» интерактивті ойыны өткізілді.
Ойын барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген интерактивті оқу модульдері ұсынылды. Атап айтқанда, 1–4-сынып оқушылары «Ақылды сақшы», ал 5–11-сынып оқушылары «Жеңіл ақша» ойындарына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтан сақтану, интернеттегі қауіптерді ажырата білу, жеке және банктік деректерді қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар ойын барысында оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіз әрі жауапты шешім қабылдау жөнінде түсінік берілді.
Оқушылар ойын форматындағы қызықты тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап, күнделікті өмірде кездесетін қаржылық және құқықтық қауіптердің алдын алу жолдарын меңгерді.
Заңды құрметтеу – тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғамның негізі!






