«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологі Абсатова Алима, қыздар ұйымының жетекшісі Бақыт Жәудір 5-11 сынып қыздарына 2026 жылы 9 қаңтар күні «Саналы өмір: аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және цифрлық тәуелділік» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында аутодеструктивті мінез -құлықтың алдын алу, психологиялық денсаулықты сақтау, өмірдің құндылығы, сондай-ақ телефон мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің зияны туралы маңызды ақпараттар берді. Қыздарға эмоционалдық күйзелістің белгілері, көмек сұраудың маңыздылығы және саналы өмір сүру дағдыларын түсіндірді. Сонымен қатар цифрлық тәуелділіктің адам психологиясына кері әсері, өзін-өзі бағалауға тигізетін ықпалы және телефонды тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды.Жиналыс тәрбиелік және алдын алу бағытында өтіп, қыздардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізді.






