Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Сенбілік ұйымдастырылды

Сенбілік ұйымдастырылды

  Таза Қазақстан жобасы аясында «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің ұжымы мен оқушылары сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мектеп ауласы ретке келтіріліп, ауыл көшелері қоқыстан тазартылды. Оқушылар мен мұғалімдер бірлесе еңбек етіп, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Бұл сенбілік жас ұрпақты еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды. Осындайигі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде. 

WhatsApp Image 2026 04 27 at 15.51.01