“Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектеп аясында 19.09.2025 жылы мектеп кітапханашысы Ахметова Ұлбосын мен 4-сынып жетекшісі Әлжан Алмагүлдің ұйымдастыруымен Әбу - Насыр әл -Фарабидің 1155 жылдығына орай “Шығыстың ғұлама ғалымы - әл - Фараби” тақырыбында танымдық іс - шара өтті.
Мақсаты; Оқушыларға Әбу - Насыр әл - Фарабидің өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат беру;
- Ғылымға, білімге қызығушылығын ояту;
- Рухани тәрбие мен ұлттық мақтаныш сезімін ояту.
Іс - шара барысында оқушылардың белсенділігі өте жақсы.
Ғұлама ғалымымыз туралы өлең шумақтарын оқып, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл - Фарабидің ғибратты нақыл сөздерін оқушылар жатқа айта білді.
Оқушылар Әл -Фараби өмірінен шағын сахналық қойылым көрсетті.
Іс - шара соңын балапандарымыз “Болашағы біз елдің” әнімен аяқтай білді.
Мектеп директоры Ләззат Тұрашқызы қатысып, бүлдіршіндерімізге тілек айтып, ұйымдастыра білген ұстаздарға алғысын білдірді.