Түркістан облысы, Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және мектеп кітапханасының кітап қорын толықтыру. Акция барысында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар өздерінің сүйікті кітаптарын мектеп кітапханасына тарту етіп, игі іске белсенді атсалысты.
Шара оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақты білімге, ізденіске және рухани байлыққа жетелейтін маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.





