"Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің бейіндік оқыту жөніндегі опынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог- зерттеуші Абдикулова Айнагуль бастауыш сынып мұғалімдеріне “SMART: Уақыты шектеулі, өлшенетін нәтижеген жету құралы” тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып мақсаты мұғалімдерге SMART әдісі арқылы нақты, өлшенетін, қолжетімді, маңызды және уақыты шектеулі мақсат қоюдың тиімділігін түсіндіру және оны өз тәжірибесінде қолдануға бағыт беру. Шебер-сынып қатысушылардың көңілін көтеру шарасымен басталды. Тақырып пен мақсат таныстырылды. Мұғалімдер SMART әдісінің құрылымымен танысты. Нақты мысалдар арқылы мақсат қоюды үйренді. Өздерінің жеке кәсіби мақсаттарын анықтап, SMART форматында құруға бағыт алды. SMART- ағылшын тілінде “ақылды” деген сөзді білдіреді. Бес сөздің қысқартылған түрі:
- S-Specific (нақты)
Мақсат нақты, түсінікті және айқын болу керек.
- M – Measurable (өлшенетін)
Мақсаттың жетістік деңгейі санмен немесе нақты көрсеткішпен өлшенуі тиіс.
- A – Achievable (қолжетімді)
Мақсат шынайы жағдайға сай келіп, нақты әрекетпен орындалатындай болуы керек.
- R – Relevant (маңызды)
Мақсат жұмыстың жалпы бағытына мұғалімнің кәсіби даму саласына сай келуі қажет
- T – Time-bound (уақытпен шектелген)
Мақсатқа жету мерзімі нақты, көрсетілуі қажет (апта, ай, тоқсан,жыл). Мұғалімдер топтық жұмыста кәсіби мақсатты SMART форматына келтіріп жазып, талдау жұмыстарын орындады. Шебер-сынып соңында «3-2-1 әдісі» арқылы қатысушылар рефлексия жүргізді.
– 3 нәрсе үйрендім
– 2 қиындық
– 1 сұрақ
Шебер-сынып қорытындыланып, қатысушыларға алғыс айтылды.






