Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Смартфон – дос па, әлде жау ма?» тақырыбында пікірсайыс сабағы өткізілді

«Смартфон – дос па, әлде жау ма?» тақырыбында пікірсайыс сабағы өткізілді

   Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 3- ақпан күні «Смартфон – дос па, әлде жау ма?» тақырыбында КББП Бақыт Жәудір 7-8 сынып оқушыларына пікірсайыс сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп, смартфонның пайдасы мен зияны туралы өз пікірлерін дәлелдер арқылы қорғады. Пікірсайыс кезінде оқушылар белсенділік танытып, сыни ойлау, өз ойын еркін жеткізу және қарсы пікірді тыңдау дағдыларын көрсетті. Сабақ соңында смартфонды саналы әрі тиімді қолдану туралы қорытынды жасалды. Оқушыларға жеке деректерді қорғау, кибербуллингтен сақтану, күмәнді сайттар мен белгісіз сілтемелерден аулақ болу, әлеуметтік желілерді мәдениетті әрі саналы пайдалану туралы маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар смартфонды шамадан тыс қолданудың адам денсаулығына, оқу үлгеріміне және психологиялық жағдайына тигізетін кері әсерлері түсіндірді.

WhatsApp Image 2026 02 04 at 09.27.56