7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп»-те 7–8 сынып оқушыларымен спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, денсаулықтың маңызын түсіндіру және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылар түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Әрбір қатысушы өз шапшаңдығы мен ептілігін танытып, жақсы нәтиже көрсетті.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!






