Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарымыз арнайы шақырылып, оларға зор құрмет көрсетілді.
Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірт жүрегіне ізгілік пен білімнің нұрын себетін аяулы жан. Іс-шара барысында мектеп оқушылары ардагер ұстаздар мен мектеп ұжымына жүрекжарды тілектерін арнап, мерекелік өнерлерін тарту етті.
Ұстаздарға деген шынайы құрмет пен ыстық ықыласқа толы бұл күн баршаға ерекше көңіл күй сыйлады.
Құрметті ардагер ұстаздар мен аяулы әріптестер! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс және еңбектеріңізге толағай жетістік тілейміз! Шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындырып, мерейлеріңізді үстем ете беруіне тілектеспіз!
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек! Мерекелеріңіз құтты болсын!






