"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде Ұстаздар күні қарсаңында ұстаздар мен оқушылар бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Өкшебай Гүлмира – аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тасыбеков Еркебұлан – аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, «ХХІ ғасыр – жасанды интеллект ғасыры» атты халықаралық ғылыми жобалар конференциясында:
Сұлтанбай Сезім мен Ақжігіт Көркем Іорын иеленді.
Ғылыми жұмыс жетекшісі – Әлжан Алмагүл Әбжалқызы.
Бұл – ұстаздар мен оқушылардың үздіксіз еңбегі мен білімге деген құлшынысының нәтижесі!
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз. Ұстаздарымызға – шығармашылық табыс, шәкірттерімізге – биік белестер тілейміз!