Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Сымбатты ару – салауатты өмір иесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді

«Сымбатты ару – салауатты өмір иесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді

         «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте қыздар ұйымының жетекшісі Бақыт Жәудір, мектеп медбикесі Құлжанова Ажар және психолог А.Абсатова 2-11 сынып оқушыларымен 6.10.2025 күні «Сымбатты ару – салауатты өмір иесі» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты – қыз балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жеке бас тазалығы мен мәдениеттілік, әдептілік, сымбаттылық туралы түсініктерді қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке тазалық сақтау, сыртқы және ішкі сұлулықтың үйлесімділігі жөнінде өз пікірлерін білдірді. Қыздар ұйымының жетекшісі қыз бала мәдениеті мен өзін-өзі ұстау әдебі туралы кеңес беріп, барлық қыздарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Жиналыс мазмұнды және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. 

Кыздар жин