Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында өткен тікелей эфирге қатыстық

Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында өткен тікелей эфирге қатыстық

 

   Түркістан облысының прокуратурасы ұйымдастырған «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясындағы онлайн-кездесуге мектебіміздің ұжымы мен оқушылары белсене қатысты.
Эфир барысында облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап беріп, оқушылар мен ата-аналар көтерген мәселелерді талқылады.
Кездесу келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтыды:
🔹 Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру
🔹 Суицид және лудоманияның алдын алу
🔹 Интернеттегі қауіпсіздік
🔹 Зорлық-зомбылықтың алдын алу
🔹 Мектеп пен көшедегі тәртіп
🔹 Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Мектебімізден бұл шараға 8–11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, мектеп директоры Л. Раманқұл, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Қ. Құдайбергенов, және психолог А. Абсатова қатысты.
Осындай маңызды шаралар балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.

обл прокур