"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 сәуір күні ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагог - психолог А.Абсатова бақылау парағын толтыру туралы түсіндіріп, сынып жетекшілерге бірлескен жоспар құрып, жұмыс жүргізу процесін анықтауды ұсынды. Әлеуметтік педагог Б.Нұрлыбеков осал топ оқушыларын бақылау парағына толтыру, үй аралау актісі жылына 2 рет жасалатынын айтты. Сынып жетекшілер диагностика нәтижесінде жасыл, сары, қызыл деңгейге бөліп, ары қарай жұмыс бағыттарын анықтады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Құдайбергенов жоспардағы берілген жұмыстарды тиісті тұлғалар бірлесіп атқарып, оқушыларды қолдап, ата-аналармен тығыз байланыста болу керектігін айтты.






