Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Тағылымды кездесу – ұлт руханиятына жол!

Тағылымды кездесу – ұлт руханиятына жол!

       «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде ерекше кездесу өтті. Белгілі өлкетанушы, этнограф, әдебиеттанушы Абдулла Жұмашев арнайы келіп, оқушылармен туған өлкенің тарихы мен мәдениеті жайлы мазмұнды әңгіме өрбітті.

     Абдулла Жұмашев – 1976 жылы Шымкент педагогикалық институтын тәмамдап, саналы ғұмырын туған жердің тарихы мен ұлттық құндылықтарын зерттеуге арнаған тұлға. Оның еңбектері жас ұрпаққа рухани бағыт-бағдар беріп, елге деген сүйіспеншілікті арттыруда үлкен рөл атқарып келеді.

   Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды мәліметтермен танысты. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.

 Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат!

WhatsApp Image 2026 04 08 at 11.38.48