Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектептің 4 - сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Алмагүл Абжалқызы "Тілім барда айтылар сыр ойдағы" атты сайыс сабақ өтті.
Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыландыру; оқушылардың ауызша ой – өрісін дамыту, туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Алдымызға қойылған мақсат – қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Балалардың тіліне, еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.
«Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін - ұлы» - деген Шыңғыс Айтматов, сондықтан әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
І. «Бірлік» тобы. Туған тілсіз іс өрге баса алмайды, Туған тілсіз тарихта жасалмайды. Желмаяға мініп ап, желіп жүріп Күңіренбеген тектен тек Асан қайғы
ІІ. «Достық» тобы. Ұраны: Тіл дегенің көктейді, Білсең есең кетпейді, Бірақ – бірақ бір тілде, Өз тіліңе жетпейді.
ІІІ топ: «Татулық» . Ару болған анамнан Ар қорғауды үйренгем Батыр болған әкемнен, Ел қорғауды үйренгем. Туып өскен елімнен Тіл қорғауды үйренгем
Сайыс 6 кезеңнен және 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Ⅰ кезең: «Дода» Ⅱ кезең: «Полиглот» Ⅲ кезең: «Зерде» ІⅤ кезең: «Сен білесің бе?»
Ⅴ кезең: «Сөз мәйегі-мақал» Ⅴ І кезең: «Өлең сөздің патшасы»
Бұл сайыс сабағы 4-сынып оқушыларының тілге деген құрметін арттырып, мемлекеттік тілдің маңызын терең түсінуге бағытталған мазмұнды іс-шара болды. Сабақ барысында оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын, шешендік қабілеттерін көрсете білді. Тақырыпқа сай әр кезең жақсы ойластырылып, оқушыларды қызықтыра білді.
Сабақ өте әсерлі өтті, оқушылар белсенді қатысып, тілдің құдіреті мен байлығын ұғынуға тырысты. Мұндай сабақтар балалардың отансүйгіштік сезімін, тілге деген сүйіспеншілігін оятады. Мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігі мен оқушылардың ынтасы жоғары деңгейде болды. Сайыс сабақ тәрбиелік мәні зор, танымды, тәрбиелік және рухани бағыттағы тамаша іс - шара болды.
Мектеп директоры ұйымдастыра білген мұғалім мен қатысқан оқушыларға алғыс білдірді.
Жаңалықтар
