Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Виртуалды өмір — шынайы өмір ме?» тақырыбында пікір алмасу сабағы өткізілді

«Виртуалды өмір — шынайы өмір ме?» тақырыбында пікір алмасу сабағы өткізілді

  "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде тәлімгер А.Құлманның ұйымдастыруымен 7–8–9-сынып оқушыларына арналған «Виртуалды өмір — шынайы өмір ме?» тақырыбында түзету-дамыту бағытындағы пікір алмасу сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар виртуалды әлем мен шынайы өмірдің айырмашылықтарын талқылап, интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалану жолдары туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Пікірталас оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпаратты саналы түрде қабылдауға және жауапты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

WhatsApp Image 2026 02 11 at 08.57.23