Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық тірегі»

«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық тірегі»

  «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық тірегі»

«Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерге арналған талқылау өтті.
Кездесу барысында Ата Заңның жаңартылған жобасындағы білім саласына қатысты негізгі өзгерістер қарастырылды. Атап айтқанда, білім, ғылым және инновацияны дамытудың мемлекеттік саясаттағы стратегиялық басымдық ретінде Конституциялық деңгейде бекітілуі кеңінен талқыланды.
   Сонымен қатар, азаматтардың білім алу құқығының әлеуметтік кепілдіктермен нығайтылуы, бастауыш және орта білімнің міндетті әрі тегін болуы, барлық оқу орындарына ортақ білім стандарттарының енгізілуі мәселелеріне назар аударылды.
Талқылау қорытындысында Конституциялық реформалардың білім беру жүйесін дамытуға және сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.

WhatsApp Image 2026 02 05 at 10.19.35