Қасиетті рамазан айында жақсылық жасаудың орны ерекше. Бүгін біз “Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің” 10-сынып оқушыларымен бірге “Жақсылық жасап жарысайық” атты акциясына өз үлесімізді қостық. Қайырымдылық жасау - адамзаттың ең асыл қасиеті. Бұл тек тренд емес, бұл - жүректен шыққан шынайы әрекет. Жақсылық - жарыс емес, бірақ жақсылықта жарысу әр жүректі жұмсартады, әр қоғамды жақындатады. Осындай игі істер арқылы оқушыларымыздың бойында қамқорлық, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттері қалыптасып келеді. Алла жасаған әрбір іс-әркеттерімізді қабыл еткей.
Біз бұл игі бастаманы мектебіміздің басқа сыныптарына жолдаймыз! Кел!
Бірге жақсылық жасап, мейірім шуағын көбейтейік.






