Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық шарасы өткізілді

«Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық шарасы өткізілді

    Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 9-сынып жетекшісі А. Аманжолдың ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Адам баласы бір-біріне жақсылық жасау үшін жаратылған. Жақсылық пен игі іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі.
    Осы орайда 9-сынып оқушылары «Бір күнде – бір жақсылық жасайық» деген ұстанымды негізге ала отырып, өз қолымыздан келгенше қайырымдылық жасауға атсалыстық.
   Қасиетті Рамазан айында жасаған игі істеріміз бен қайырымдылық көмегіміз қабыл болсын!
  Жақсылық жасау – жүректен, ал жүректегі мейірім қоғамды нұрландырады.

WhatsApp Image 2026 03 03 at 15.57.22