2026 жылғы 10 қыркүйекте «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде:
1. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесі бойынша мектеп психологі Ә. Абсатова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жұмыстары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Өкшебай ақпарат берді.
3. Ата-аналармен келісімшарт жасау және оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
4. Ата-аналар комитетінің төрағасын қайта сайлау мәселесі қаралды.
Үшінші және төртінші мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Құдайбергенов баяндама жасап, ата-аналарға қажетті түсіндірме берді.
Жиналыс соңында ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.






