Түркістан облысы, Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі КММ-де 23 ақпан күні
мектеп кітапханашысы Ұ. Ахметова мен А. Еденбайдың ұйымдастыруымен
"Жамбылдың жыр қайнары" атты сайыс сабақ өткізілді.
Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, жыр дүлдүлі, халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр.
Жамбыл Жабаев – ғасырдан ғасырға жалғасқан жыр мұрасын сақтап, оны жаңа заманмен ұштастырған дара тұлға. Оның отты өлеңдері ел бірлігін, ерлік пен отансүйгіштікті дәріптеді. Ақынның жырлары халықтың қуанышы мен қайғысын, арман-мұратын айқын бейнеледі.
Жамбыл – айтыс өнерінің хас шебері, суырыпсалма ақындықтың символы. Оның шығармалары бүгінгі ұрпаққа рухани күш беріп, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндейді.
Ұлы жыршының өнегелі өмірі мен мол мұрасы – мәңгілік тағылым.
Жамбыл есімі – қазақ әдебиетінің алтын қорында!






