Түркістан облысы, Отырарауданы, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жаратылыстану-математика бірлестігінің “Жасанды интеллект: Ғылымныңжаңапатшасы” тақырыбындағы онкүндігінің іс шара жоспарына сай сабақтан тыс іс –шарасы 28.04.2025 жылы география пән мұғалімі Қарғабаева Роза «Жас эколог» сайысын 8-9-10 сыныптар арасында сабақтан тыс іс-шара өткізді.
Пән мұғалімі сабақтың ұйымдастыру бөлімінде психологиялық ахуал орната отырып,үш топқа біріктірді. Бүгін мектебімізде оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Жас эколог" атты танымдық сайыс өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасып, табиғатты қорғау тақырыбында слайдтар ұсынып, өз қолдарымен жасаған экологиялық макеттерін таныстырып, сұрақ-жауап турына белсене қатысып, Қазақстан картасын құрастыру арқылы өңірлердегі экологиялық ахуалды сипаттады.
Сайыс оқушылардың шығармашылық қабілетін, табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастырды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, жылы лебіздер айтылды. Табиғаттыаялау – әрбір азаматтың парызы екенін тағы бір мәрте ұғындырған бұл сайыс жас ұрпаққа үлкен рухани әсер сыйлады. Табиғатты бірге қорғайық!
Жаңалықтар
