Тіліңізді таңдаңыз

Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

«ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

  «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 8–11-сынып оқушыларына арналған түсіндіру жиыны өткізілді.
Жиынға Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Б. Қапалбайұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Құдайберген, педагог-психолог Ә. Әбсатова, сынып жетекшілері мен 8–11-сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіру, сондай-ақ жасөспірімдердің автокөлік, мопед және электрскутер сияқты көлік құралдарын басқаруына жол бермеу.
Жиын барысында полиция капитаны Б. Қапалбайұлы кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқық бұзушылықтар мен оқыс оқиғалар туралы баяндап, олардың алдын алу жолдарына тоқталды. Оқушыларға автокөлік, мопед және электрскутерді заңсыз басқарудың қауіптілігі мен жауапкершілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар жасөспірімдерге кешкі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде және ойын-сауық орындарында жүрмеу қажеттігі ескертілді. Арнайы рейдтер кезінде заң талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, ата-аналарға айыппұл салынуы және жасөспірімнің полиция есебіне алынуы мүмкін екендігі айтылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026 09 18 at 16.40.49