Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы сынып сағаттарымен басталды. Сынып сағаттарында оқушыларға Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, ел бірлігі мен заңға құрмет, адалдық, білімділік және жауапкершілік құндылықтары туралы түсінік берілді.
Одан әрі мерекелік шара «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынымен жалғасты. Жиынды мектеп директоры Л. Раманқұл ашып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ өткен оқу жылының қорытындысына тоқталып, жетістіктерді атап өтіп, жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер мен мақсаттарды айқындады.
Салтанатты шараға ардагер ұстаздар Ж. Арыстан, А. Қыдырбай, Б. Әлжанова, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің лейтенанты Н. Төлегенов қатысып, ұстаздар мен оқушыларға ақжарма тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Мерекенің ерекше сәттерінің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығының табысталуы болды. Білім әлеміне алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, оқуда озат болуларына ізгі тілектер айтылды.
Салтанатты шара мектебіміздің өнерлі оқушылары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, көтеріңкі көңіл күйде қорытындыланды.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымыз бен оқушыларымызға толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін! Білім күні құтты болсын!
#БілімКүні #1Қыркүйек #АлғашқыҚоңырау #ЖаңаОқуЖылы #АдалАзамат #МектепӨмірі
















